Баян Мақсатқызы шылым шегетінін зиянды әдеті барын айтты

17 шiлде в 12:56 564 рет оқылды

Баян Мақсатқызы зиянды әдеттер мен комплекстерге қатысты пікірін бөлісті. Мұнымен қатар, күнделікті тұрмыста шылым шегетінін жасырмады.

Бұл туралы Болат Әлібековке берген сұхбатында айтты.

“Қоғамның алдында белгілі бір міндетім бар да шығар. Бұл туралы ешуақытта ойланып көрген емеспін. Өзгелерге ықпал жасауды да армандаған емеспін. Бірақ, менің шығармашылығымның нәтижесі бар. Менің жетекшілігімде жүрген қыздар қазақстандық шоу бизнесте алдыңғы қатардан көрініп жүр. Сол себепті, өзге жұлдыздар “Баянның қоластында болсам, мен де танымал боламын” деп ойлайды. Осы ойдың астарында кішкене шындық жатқан сияқты. Мен артистердің кәсіби деңгейін көтере алатыныма сенімдімін. Бірақ, мұның барлығының идеологияға қаншалықты әсер ететінін білмеймін. Артистеріме барып “Сен жаман бол”, “Жұрттың көзінше шылым шегіп, боғауыз сөздер айт, жамандық жаса” деген емеспін. Олардың барлығы дерлік тыңдармандарын мейірімділікке баулитын жандар”, – дейді Баян Есентаева.

Мұнымен қатар, продюсер Бейбіт Әлібековтың “Ал сіз өзіңіз шылым шекпейсіз бе?” деген сауалына жауап берді.

“Менің бұл сұраққа үнсіздік танытуымнан-ақ жауабын ұғынып тұрған шығарсыз?! Бізде әдетте зиянды әдеттер туралы көп айтылмайды ғой. Бізде жыныстық қатынас, шылым шегу туралы айтуға болмайды. Біздің халқымыз мінсіз. Барлығы “ұят” деген сөзбен көмкеріледі. Түсініксіз бір комплекс бар. Құдды біз адам емес сияқтымыз. Бір кездері парақшамда “Қазақтың телехикаясында сүйісу ұят” деген пікірге қатысты жауап берген болатынмын. Пікірлерге қарап қазақтар желден туады деп ойлауың мүмкін”, – дейді ол.

stan.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар