Алматыда Гелендвагенге жүкті екенін жазып кеткен тұрғын анықталды (видео)

17 шiлде в 12:50 3 223 рет оқылды

Алматыдағы G-санатты Mercedes-Benz көлігіне жүкті екенін жазып кеткен тұрғынның кім екені анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүктілік туралы жазба қалдырған әйел шын мәнінде жігіт болып шыққан. Ол досына осылайша әзілдемек болғанын Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында мәлімдеді.

«Рус, бұл саған қайтарылған жауап», — деген азамат, баллонмен көлікке бейәдеп сөз жаза бастайды.

Жас жігіттер не үшін бұлай әзілдескені әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қымбат көліктердің бірінде аяғы ауыр екенін жазған әйелдің жазбасы пайда болғаны хабарланған болатын.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар