Алматы облысында 18 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды

47 рет оқылды

Қарасай аудандық полиция қызметкерлері Алматы маңындағы саяжайларда болған бірнеше тонаушылықтарды анықтады, деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс материалдарында күдікті пәтер тонаушы екі азамат жеке иеліктегі үйлер мен саяжайларды тонаған. «Аталған екі күдіктінің бір-біріне қатысы жоқ және екеуі екі уақытта ұсталды. Олардың біреуі бұған дейін бірнеше рет сотты болған, ал екіншісі қылмыстық жауапкершілікке тартылып көрмеген. Біреуінің 10 тонаушылыққа қатысы бары дәлелденсе, екіншісі әзірге 8 қылмыстық іске қатысты деп айыпталып отыр», — деп мәлім етті Алматы облыстық полиция қызметінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. Полиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы барын тексеруді жалғастырып жатыр. Бұдан өзге, ұрланған заттарды сатып алушы және өткізуші ретінде шыққан тұлғаларды да жауапкершілікке тарту мәселелері қарастырылуда», — дейді полиция қызметкерлері.

ҚазАқпарат