БҚО-да 101 млн теңге пара алды деген айыппен лауазымды шенеунік ұсталды

14 шiлде в 13:53 205 рет оқылды

БҚО-да мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 101 млн теңге алды деген күдікпен ұсталды.

13 шілде күні БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасы Заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Нұрболат Ұрналиев қамауға алынды. Ол жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтату және ары қарай қолдау көрсеткені үшін 25 миллион теңге көлемінде параның соңғы бөлігін алу кезінде ұсталды.

Күдікті қазір Орал қаласында уақытша ұстау абақтысында. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар