jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жан жылуына арналады

12 шiлде 2017, 18:08
141

Атырау қаласында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында Астана күніне арналған «Екі жұлдыз» фестивалі өтті. Оны ұйымдастырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Бұл қайырымдылық пен бірлік акциясы – барша халықты жақсылық пен жан жылулығын бөлісуге үндеу. Қымбат ем алуды қажет ететін ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және тұрмыстың тауқыметіне душар болған азаматтарға көмек ретінде қаражат жинау үшін ұйымдастырылған шара.

Аталған іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, зағип жандар қоғамының өкілдері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Көрермендер алдында мүмкіндігі шектеулі балалар және этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Фестиваль соңында Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев және этномәдени бірлестіктердің төрағалары іс-шараға қатысқан мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай көмек көрсетіп, сыйлықтар мен гүл шоқтарын ұсынды.

Жоба қорытындысы бойынша 1 250 000 (миллион екі жүз елу мың) теңге жиналды, мүмкіндігі шектеулі он бес балаға 50 000 (елу мың) теңгеден қаражат ұсынылды және қайырымдылықтан жиналған қаржыдан 500 000 (бес жүз мың) теңге мүмкіндігі шектеулі балалар қоры – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық ұйымына тапсырылды.

23 ақпан, 14:57
Сәбит Әбдіхалықов: КВН-нан шыққан әртіс болмайды
23 ақпан, 14:44
Жусан иісін, алып атырабын аялаған
23 ақпан, 14:10
Қалдыбек Құрманәлі: Ninety One - ға Шәмшінің әнін айтқызбаймын
23 ақпан, 13:13
Көгілдір отынның көңілсіз кикілжіңі
19 ақпан, 16:44
Ғылымда бүркіт аз, шымшық көп
09 ақпан, 16:47
Әзиз бейден бір байғазы
09 ақпан, 12:08
Б.Мырзаев: Діндарлық пен радикализмнің аражігін ажырата алмайды
09 ақпан, 12:07
Дос Көшім: Тыйым салу – дәрменсіздіктің белгісі