Тасқамалдағы тағдырлар (видео)

12 маусым в 18:09 5 786 рет оқылды

«Қақпа алдында кездесу». Бұл бас бостандығынан айырылып, жазасын түрмеде өтеген, бостандыққа жіберуге дайындап отырған азаматтарға арналған жаңа жоба. Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА 155/18 мекемесіне  осы жоба аясында Jasqazaq.kz сайты журналистік зерттеу жүргізіп, жазасын өтеушілермен сұхбаттасып қайтты. 

Түрмеде тоқсан тоғыз түрлі адам отырады. Біреулер абайсызда тап болады. Бізбен үш адам кездесуге ниет білдірді.  Біреуі 20 жастағы Серік деген жігіт. Жүзіне күлкі үйірілген. Қызыл шырайлы жігіттің өңінен қылмыскерді емес, қарапайым, аузын ашса, жүрегі көрінетін ауыл баласын байқайсыз.

Екіншісі –  алпысты алқымдаған кісі екен. Оның да есімі – Серік. Серік аға «Суретші» деген киелі өнердің атын өзіне теліп, ұлы өнерді былғағысы келмейтіні сөзінен аңғарылады.

Үшінші кейіпкердің есімі – Нұрлан. Айтпақшы, үш кейіпкердің де есімін ғана бердік. Ата- тегін өздерінің өтініші бойынша құпия қалдырғанды жөн көрдік.

Құрметті Jasqazaq.kz сайтының оқырмандары: Түрмеде жазасын өтеп жатқандардың тағдырынан сыр шерткен  Жарас Кемелжанның журналистік зерттеуін «Жас қазақ» газетінің жұма күні (16.06.2017ж) шығатын санынан оқи аласыздар.

 

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар