“Протон” тағы да ұшады

31 мамыр в 13:22 300 рет оқылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің “Протон” зымыраны тағы да ұшырылады. Қоршаған ортаға зиянды гептилмен жұмыс істейтін бұл зымыран 8 маусым күні ғарышқа аттанады. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі Роскосмос корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тек “Протон” ғана емес “Союз 2.1 а” зымыраны да көкке көтеріледі деген жоспар бар. Ол EchoStar 21 байланыс жер серігін ғарышқа апаруы тиіс.

Соңғы рет Байқоңырдан “Союз-У” зымыраны ақпан айында ұшырылды. Бұл оның 789-сапары болатын.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар