jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Депутат орыс тілінде «доступно» жеткізуді сұраған адвокатқа шүйлікті

29 мамыр 2017, 14:03
552

Парламенттің Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында өткен үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов қазақ тілін кемсітпеуді сұрады. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлайды.

«Менің сұрағым тілек түрінде болады. Республикалық  адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгелге. Депутаттың сұрағына жауап қайтара отырып сіз «Прошу ответиь на руском языке. Так будет доступней» дегеніңізді қалай түсінуге болады? Депутат Магеррамовтың сұрағына жауап қайтарған кезде де солай сөйледіңіз. Сонда сіздің пікіріңізше, жауапты қазақ тілінде қайтарғанда ойды «доступно» жеткізудің мүмкіндігі жоқ па? Қазақ тілін кемсітіп сөйлемеуді сұраймын», — деді Сауытбек Әбдірахманұлы.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады