jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақмола облысында орманды заңсыз шабу саны азайды

25 мамыр 2017, 16:33
173

Бұл туралы Ақмола облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының басшысы Айдар Дарбаев бүгінгі брифинг барысында баяндады, деп Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Басшының айтуынша, жылдан жылға ормнды заңсыз шабу саны және көлемі азая түсуде. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы орманды заңсыз шабу саны 6 жағдайға төмендеді, шабу көлемі 82,6 м 3 азайды келтірілген зиян соммасы 1 млн. 829 тыс. теңгені құрайды.

Алайда, орманды заңсыз шабу саны азайғанымен орман заңнамасын бұзудың басқа да салдары орын алуда. Әсіресе бұл ерекеше күзетілетін табиғат аумақтарында болатын жағдайлар: өрт қауіпсіздігін сақтамау, сүректі даярлау мен шығару сияқты.

2017 жылдың өтіп кеткен мерзімі ішінде 37 бұзушылық анықталды, айыппұл көлемі 739694 теңгені құрайды, соның ішінде 26 айыппұл 372116 теңге көлемінде төлетілді, төлету жұмыстары ары қарай жалғасуда.

Бүгін, 15:10
Қытай Абайды оқи бастады
Бүгін, 15:05
Кірген із бар, шыққан із жоқ
Бүгін, 14:58
Ақбөкенге араша болып еді...
Бүгін, 14:41
Тұз бұзылса, не себесің?
Бүгін, 14:23
Тәртіпке кел, коллектор!
Бүгін, 14:17
Түрмені де шарпыды
21 желтоқсан 2018, 15:30
Үйрек бағушы
21 желтоқсан 2018, 13:42
Тірі ме екен Лунара?!