jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елордада 2 жарым мың адамға дейін тіркелген «резеңке» пәтерлер анықталды

22 мамыр 2017, 18:23
377

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» атты жобаның шеңберінде елорда әкімдігі, құқық қорғау органдарымен прокуратура қызметкерлері біріге отырып, қаладағы «резеңке пәтерлермен» күресу шараларына кірісті.

Құқық қорғау органдарының өкілдері шара барысында елордада бір пәтерде 30-дан 2,5 мың адамға дейін тіркелген ондаған пәтерлерді анықтады.

«Жергілікті полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап, осындай фактілерді анықтады. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК-нің 493-бабымен 88 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, аталған мекен-жайлардан пәтер иелерінің өтініші бойынша 4 135 жуық адам тіркеуден шығарылды, олардың арасында шетел азаматтары да бар», — дейді қадағалаушы орган өкілдері.

Енді тіркеуден шығарылған азаматтар үшін аталған мән-жайлар кейбір мемлекеттік қызмет түрін алуға және мемлекеттік тұрғын-үй алуға қиындық тудыратын болады.

Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаланың коммуналдық қызметтерімен «резеңке пәтерлерде» қызмет (сумен қамтамасыз ету, қоқыс әкету) құны қайта есептелуде.

«Аталғандарды ескере отырып, қала қонақтарын заң талаптарын бұзбауды және «созылмалы пәтерлерде» тіркеу түріндегі заңсыз қызметтерді жүзеге асыратын күмәнді тұлғалардың көмегіне жүгінбеуді, ал қала тұрғындарын тіркеу деректерін тұрғылықты жері бойынша сәйкестендіруді сұраймыз», — дейді Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

baq.kz

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер