jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әкім мердігерлерден жолды өз қаржысына жөндеуді талап етті

26 сәуiр 2017, 12:39
280

Қостанай әкімі Базыл Жақыпов өткен жылы құрылысшы-мердігерлер берген кепілдік бойынша жолдағы ақауларды жөндеп, жол жөндеу барысында дұрыс істелмеген жерлерді реттеп беруді талап етті.

Облыс орталығының басшысы қаладағы жаңадан жөнделген жолдардың сапасыздығын алға тартып, мердігер ұйымдарға наразылық білдірді. Әсіресе, қаланың орталық аудандарындағы жолдарды жөндеген «Таза Жол АТ» ЖШС компаниясының жұмысын сынға алды. Әкімнің пікірінше, мердігер ұйым енді бұл ақауларды өзінің қаржысы есебінен жөндеуге міндетті. «2016 жылы қаланың көшелері мен жолдарын жөндеу үшін 4 миллиард теңге бөлінді, — деді Базыл Жақыпов. — Біз ол қаржыны түгелдей игеріп, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бірақ, мердігерлер барлық жолды сапалы жөндемеді. Бұл олардың кінәсі, енді оны өздері түзетуі тиіс. Оның бәрін өз қаржысы есебінен түзетуі керек! Жолдағы ойықтар, жарылған жерлерді жөндеуі керек! Және бұл жұмыстарды кейінге қалдырмай, мамыр айының басында аяқтауы қажет». Қала әкімі Жақыпов мәлімдегендей, олар жол жөндеу кезінде облыс орталығындағы көлік кептелісіне жол бермеуі керек. «Жол жөндеу жұмыстары кезінде нақты жол картасын жасап, көлік кептелісі туындамас үшін екі қатар тұрған көшені жабуға болмайды», — деп тапсырма берді Базыл Жақыпов қоластындағыларға.

ҚазАқпарат

 

13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды
10 тамыз, 11:37
Каспийдегі мәміле
10 тамыз, 11:27
Мұхиттан соққан суық жел
07 тамыз, 16:53
Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды
03 тамыз, 15:15
Қандасқа қамқор
03 тамыз, 15:01
Шеңберден шықпағандар