Арыстанбек Мұхамедиұлы: Риананың бізге не қажеті бар?

28 наурыз в 16:37 434 рет оқылды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлемге әйгілі әнші Рианнаның Астанада өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. «Рианнаның концертін біз ұйымдастырмаймыз. Біздің сайтта (министрліктің сайтында) ол туралы жазылмаған. Біз Димаш Құдайберген, Қанат Ислам, Ла Скала, Пласидо Доминго және тағы да басқалардың кештерін ұйымдастырамыз», — деді министр.

 Tengrinews.kz. хабарлағандай,   журналистер Рианнаның Астанаға келетіні жайлы мәліметтің қалайша Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында пайда болғаны жайлы сұрақ қойды. «Бұл техникалық қателік шығар. Бұлай болуы мүмкін емес. Мен сіздерге шын айтып отырмын, мен бұл мәселемен өзім айналысып жүрмін. Рианнаның бізге не қажеті бар? (…) Министрлік EXPO аясында жүргізілетін бағдарламаларды бекітті. Біз бағдарламалардың барлығын біріктіреміз. Мүмкін сол жерде көріп қалған шығарсыздар», — деді Мұхамедиұлы. Ал мұның расында да техникалық қателік болғаны жайлы сұраққа министр былай деп жауап берді: «Біз EXPO көрмесінің аясында өтетін бағдарламаларды біріктірдік. Онда Рианна да бар шығар. Бірақ оның концертін (Рианнаның — автор.) Мәдениет министрлігі өткізбейді», — деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Еске сала кетейік, осыған дейін Рианнаның Астанада қашан өнер көрсететіні жайлы хабарланған болатын. Бұл туралы EXPO көрмеcінің ресми сайтында жазылған болатын.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!