Александр Бородюк: Күрессіз футбол балетке айналады

27 наурыз в 11:28 90 рет оқылды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Армения құрамсынан жеңілістен кейін өз ойымен бөлісті.
— Ойыншымыз алаңнан қуылғанға дейін жоспарды орындап келдік. Ойынды түзеп, допты бақыладық. Сол қызыл қағаз ойынды түпкілікті өзгертті. Футбол – күрес, сондықтан әр бапкер өз ойыншыларынан күресті талап етеді. Төрешінің шешімі жайлы айтуға кеш. Жігіттерге ренжісім жоқ, олар тырысып қолынан келгендерін жасады.
Мен Армения құрамасына сәттілік тілеймін.
Егер де Мхитарянға келер болсақ, ол мықты футболшы. Екі команданың да мүмкіншіліктері көп болды. Тағы да айта кетейін, қызыл қағаз ойынға әсерін тигізді. Күрес болмаса, қызығушылық та болмайды. Ойын балетке айналады. Жанкүйерлер алаңда тартысты ойын болғанын қалайды.
Барлық жеңілістен шешім шығару қвжет. Жеңіске жетсек, сенімділік те пайда болады. Үйдегі ойындарды жеңуіміз керек. Жұмысты ары қарай жасаймыз. Ең алдымен жігіттеріміздің психологиясына көңіл бөлеміз, — деді Бородюк.

prosports.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар