Баян-Өлгейде 1000 бала бір мезетте күй тартты (видео)

Бүгін, 12:57 169 рет оқылды

Моңғолиядағы этникалық қазақтар көп мекендеген Баян-Өлгей аймағында Наурыз мерекесіне орай мың бүлдіршін бір мезетте қазақ күйін күмбірлетті.

«Бай-Өлкеде Наурыз мерекесіне орай 1000 бүлдіршін күй тартты. Бүгін аймақта аздап қар жауды. Қазақы барлық дәстүр шара бойынша өтіп жатыр», — дейді видео авторы.

ҚазАқпарат хабарлағандай,  Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы 1940 жылы құрылған. Аймақ орталығы — Өлгий, қазір бұл өңірде 91 мыңнан аса халық тұрады және сол халықтың 93 пайызы — қазақтар.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар