jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Айдос Сарым: Министрлік басқа-басқа, Қазақ тілін қалдыру керек

13 наурыз 2017, 19:03
559


Білім және ғылым миинстрлігінің ҰБТ-дан Қазақ тілін алып тастауы өреске қателік. Қалай болғанымен, осы уақытқа дейін орыс тілді сыныпта оқитын оқушылардың өзі мемлекеттік тілге деген қызығушылығы бар еді.

Себебі сынақтан сүрінбей өту керек. Жауапкершілік болатын. Қазақ тілін үйренуге әрекет жасайды. Сондай тиімді әдісті алып тастау миға қонымсыз. Бұған қатысты нақты себеп айтылмаған соң, қисынға келмейтін логикамен негіздеуге болатын шығар. Мемлекеттік тілдің дамуына, өркендеуіне қарсы қадам деп есептеймін.

Қызметке орналасу, білім алу және басқа да маңызды сала мемлекеттік тілге тікелей байланысты болғаны абзал. Ертең мектептен алып тастайық, университеттен алайық. Сонда не болады? Біз керісінше «мемлекеттік тілге деген талап жыл сайын күшейе ме, оны білуге міндетті кәсіптің тізімі жасала ма», — деп үміттеніп жүрсек. Айналып келгенде әсіресе орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйренуге деген, соған бағытталған, қамтамасыз ететін құралдан айырылмақшымыз. Бұл күшіне енбесе, кері қайтару қажет. Министрлік басқа-басқа Қазақ тілін қалдыру керек. Біз қоғам белсендісі ретінде бұл мәселені аяғына дейін жеткізіп, оңды шешілуіне атсалысамыз. Мұндай жағдайда дабыл қағу заңды құбылыс.

jasqazaq.kz

 

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер