jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайдағы қазақ боксшысы қарсыласын жеңді (видео)

28 ақпан 2017, 10:28
435

Қытайдың Юньнань провинциясы Куньмин қаласында кәсіби бокстан жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) Қытай чемпионы 23 жастағы Елшат Нығматоллаұлы WBO тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуін сәтті қорғап қалды.

nur.kz хабарлағандай, боксшы 37 жастағы филиппиндық Джаяр Эстреместі 6 раундта ұпай санымен ұтты. Бұл оның кәсіби рингтегі 10-шы жекпе-жегі. Қандасымыз барлық жекпе-жегінде жеңіске жетсе, оның екеуін нокаутпен ұтқан.

«Бұл айқаста мен чемпиондық белдігімді қорғап қалдым. Енді осы жылы сәуірдің соңында Аомэнге, сосын АҚШ-қа баруды жоспарлаудамын», — деді Елшат.

Естеріңізге салайық, Қытайда кәсіби ринг чемпиондарының көпшілігінің отаны Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Алтай округінің Каба қаласы болып табылады. Ол жерде боксшыларды Мұрат Бошайұлы жаттықтырады. Ол Елшат Нығматоллаұлын, Бейсен Насиоллаұлын және Қанат Исламды жаттықтырған.

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер