Рингте боксшыға жабылып кетті (видео)

28 ақпан в 11:11 1 856 рет оқылды

АҚШ-тың Флорида штатында Палм-Бейде өткен бокс кешінде күтпеген жағдай болды. Демалыс күндері жартылай орта салмақта мексикалық Хосе Ресендес (5-1, 3 КО) пен пуэрторикалық Джошуа Паган (5-0, 1 KO) арасында жекпе-жек өтті.

vesti.kz хабарлағандай, алтыншы раундта Ресендес қарсыласын есеңгіретіп, ары қарай соққылар сериясын жасап жатқанда, бір жанкүйер шаршы алаңға жүгіріп шығып, оның шабуыл тоқтатып тастады. Паганның табынушысы мексикалық боксшының басынан ұрып жіберген. Осының салдарынан төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған, осыны пайдаланған Паган біраз демалып алған. Осы жәйт кездесудің тағдырын шешті. Жекпе-жек ары қарай жалғасып, пуэрторикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!