Cәбиін көшеге тастап кеткен әйел видеоға түсіп қалған

28 ақпан в 09:40 5 496 рет оқылды

Шымкентте көшеден табылған сәбидің анасы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Видеода киімін бүркеніп киген әйелдің әрең жүріп бара жатқаны байқалады.

stan.kz хабарлағандай, видеодағы әйелдің сәби табылар уақыттан бұрын өткені болжанды. Ұзын күрте киген әйел алдымен жедел жәрдем көлігінен жасырынғандай болады. Кейін тездетіп тасаға барады. Жаңа туған сәби де сол жерден табылған.

Возможно именно эта женщина здесь сначала родила, а затем выбросила своего ребенка. Новорожденная кроха больше часа пролежала на тротуаре под проливным дождем. Девочка выжила благодаря слаженной работе специалистов «Дау Мед». Врачи в течении 40 минут боролись за жизнь ребенка.

Баланы дәл осы әйелдің босанып, тастап кеткен болуы мүмкін. Сәби бір сағаттан аса уақыт жаңбыр астында қалып қойған. Дәрігерлер 4 минут бойы қыз баланы аман алып қалу үшін күресті.

Жалғас Үсенханов сенбі күнгі оқиғаны әлі де қорқынышпен еске алады. Сәбиді терезеден көріп қалып, көмекке ұмтылған да сол. Қыз бала суықтап қалғандықтан, тыныс алуы нашарлаған.

«Мен көлігімді тұраққа қойып, ғимаратқа кірсем, көпшілік терезеден қарап «бала жатыр» деп даурығып жатыр екен. Қарасам, шынында да, бала жатыр. Далаға жүгіре шығып, сәбиді көтерген бойда жансақтау бөліміне алып кірдім. Ол бетон үстінде бір сағаттан аса қалып қойған», – дейді Жалғас Үсенханов.

Қазір қыз бала жасанды тыныс алу аппаратымен демалуда.

Айта кетейік, сенбі күні жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды. Күзетшілер тез арада жедел жәрдем көлігін шақыртып, сәби перинаталдық орталыққа жеткізілген.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!