Абдулқадыр Машарипов өзіне өлім сұрады (видео)

13 ақпан в 18:39 397 рет оқылды

Ыстамбұлдағы «Рейна» клубына шабуыл жасап, 39 адамды атып өлтірген террорист Абдулқадір Машарипов сотта өзін өлім жазасына қиюды сұрады, деп хабарлайды Sabah.

Машариповтың айтуынша, оған түнгі клубқа шабуыл жасау туралы бұйрықты өзі бұрын-соңды көрмеген Абу Джихад атты адам берген. Артынша ол осы мақсатта автомат қару мен гранаталарды курьер арқылы алған. Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні белгісіз ер адам Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына баса-көктеп кіріп, келушілерге қарсы қару көтеріп, 39 адамды қырып салған болатын. Артынша лаңкесті Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында қолға түсірген полиция оның Абдулқадір Машарипов екендігін анықтады.

Видео day.az сайтынан алынды

24.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!