jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Зейнеткердің 1,5 млн теңгесін ұрлағандар ұзаққа бармады

10 қантар 2017, 17:01
174

Степногорск қаласының 93 жастағы қарияның  үйінен 1,5 миллион теңгесін ұрлаған алаяқтар ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті хабарлады. Полицейлер анықтағандай, екі жігіт өздерін қалалық су арнасының қызметкеріміз деп таныстырып үйге кірген. Екі жігіттің біреуі ас үйдегі құбырды жөндегендей болса, екіншісі дәлізде күтіп тұрған. Қомақты қаржының жоғалғанын анықтаған зейнеткерлер ізін суытпай полицияға хабар берген. Қарттың айтуынша, оқиға болардан екі күн бұрын үйіне жас жігіт келіп массаж жасайтын құрал сатқан. Қарт құралдың ақшасын төлегенде сатушы ақшаның қайдан алғанын көріп отырған. Жедел іздестіру шара барысында 28 және 29 жастағы екі күдікті ұсталды. Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!