Қазіргі жастар спортты емес, ғаламторды таңдайды

103 рет оқылды

Қазіргі жастар салауатты өмір салтының орнына, көп уақытын ғаламторға арнайды. 83% жас теледидар көріп, музыка тыңдап бос уақытын ғаламторда өткізеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Ақпараттың түсіндірілу сапасына назар аударатын болсақ,  әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес жастардың 40-50% «Қолжетімді баспана», «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы естіген. Ал жастар ресурстық орталығы туралы  6% ғана білген. «Бұл дегеніміз ақпараттың дұрыс жетпеуінен «- деді министр.

Оның айтуынша, жастардың көбісін айлық пен стипендияның аздығы, азық-түліктің қымбаттауы, жұмысқа орналасу мен тұрғын үй алу мәселесі мазалайды. Осыған орай мемлекеттік органдар тарапынан жастарға арналған әлеуметтік бағдарламалар қайта қаралып,  жастар ресурстық орталығының жұмысы қадағаланатын болады.