Бейәдеп сайтқа -тұсау

130 рет оқылды
Атырау қалалық прокуратурасымен интернет желісіндегі порнографиялық, экстремистік мазмұндағы және суицидке үгіттейтін материалдары бар сайттар мен әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жасауда.  Нәтижесінде ғаламтор желісінде жасөспірімдерді суицидке үгіттейтін 22 әлеуметтік топқа, порнографиялық мазмұндағы 12 сайтқа және террористік экстремистік діни материалдары бар 97 сілтемеге шектеу қойылды, деп жазады zakon.kz Атырау қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Атқарылып жатқан шараларға қарамастан жасөспірімдердің  мінез-құлқына  кері  әсер ететін материалдардың еркін таралуы азаяр емес. Осыған орай, прокуратура ата-аналардан балаларының әлеуметтік желіде отыруын бақылауға алып, қадағалауын сұрайды.