jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Эльмира Суханбердиева: «Мектеп шыршасы» ата-ананың ақшасына өткізілмеуі тиіс

22 желтоқсан 2016, 19:44
324

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева неліктен бірнеше облыста мектеп шыршаларының өтпейтінін түсіндірді.

«Мектептерде жаңажылдық шыршаны тойлауға ешкім ешқайда тыйым салған жоқ. Тек ата-аналар жаңажылдық бағдарламалар қымбат деп шағымданған кезде кейбір облыстардың кей мектеп директорларына сұрақтарымыз болды. Сол уақытта директорлар мектеп шыршасының өтпей қалуына шаралар жүргізген. Мектеп сарайлары бар қалалық шараларға ауыстырылған. Қайткен күнде де, бізге де телефон қоңыраулары түсті, мәселенің шешімін шығардық, мектеп шыршасын тойлау керек. Бірақ сыйлықтарға ақша жинауға рұқсат жоқ. Мұндай мәселенің көтерілуі орынды. Ақша жинауға келгенде министрліктің ұстанымы қатаң», — деді ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде түрлі қалалардан ата-аналар мектептерде жаңажылдық шыршаны өткізуге тыйым салынды деп хабарлаған еді.

tengrinews.kz

18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы
04 мамыр, 14:30
М.Шибұтов: Ешбір қисынға келмейді