М. Әбіләзов Қырғыз еліндегі төңкерісті қаржыландырыпты

15 желтоқсан в 17:24 297 рет оқылды

Бостандыққа шыққан Мұхтар Әбіләзов 2005 жылы Қырғызстанда болған көтерілісті қаржыландырғанын мойындады деп хабарлайды экс-банкирдің Liberation француз газетіне берген сұхбатына сілтеме жасай отырып «Фергана» агенттігі.

nur.kz хабарлағандай, Әбіләзовтың мәлімдеуінше, оның қыр-соңынан қалмауының саяси астары бар. Мысал ретінде ол Қырғызстандағы оқиғаларға қатысы барын айтты:

«2005 жылдың басында мен ондағы оппозиция өкілдерін қаржыландырдым. Мұны мен Қырғызстандағы режимді құлату үшін жасадым. Посткеңестік елдердің бірінде демократиялық процесстердің басталып, дұрыс реформалар жасай алуы мен үшін маңызды болды», — деді ол.

Еске сала кетейік, Францияның мемлекеттік кеңесі 9 желтоқсанда бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық олигарх Мұхтар Әбләзовті Ресейге экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойды.

Ал Қазақстан үкіметі болса, оның бостандыққа шығуына қатысты пікір білдіріп, оның ісін сотқа дейін жеткізуге бар күшін салатынын мәлімдеген болатын.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар