Өзбек қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлегені үшін сотталды

14 желтоқсан в 23:07 333 рет оқылды

Өзбекстанның құқық қорғау органдары Қазақстанға сексуалды эксплуатация үшін қыздар жіберіп отырған қылмыскерді құрықтаған. Осылай деп жергілікті БАҚ жазады.

365info.kz хабарлағандай, Бекабад қаласының (Ташкент облысы) 24 жастағы тұрғыны Елена Орлова Өзбекстан бойжеткендерін Қазақстанға заңсыз жіберу жұмыстарын ұйымдастырған. Қыздарды қызмет көрсету саласында жоғары жалақы төлейтін жұмыспен қамтамасыз етеміз деп арбаған. Шын мәнінде шекарадан өткеннен кейін, оларды жезөкшелікке салған.

«Елена Орлова Сырдария және Ташкент облысының жас қыздарын қазақ мейрамханаларында жұмыс істейсіңдер деп тартқан. Содан кейін оларды «Гишткуприк» халықаралық бекет арқылы Қазақстанға жіберген. Шымкентте оларды Регина есімді қазақстандық күтіп алған. Ол бірнеше саунаға иелік еткен. Әрбір қыз үшін Орлова Регинадан 400 доллар алып отырған», – деп атап өтеді күштік құрылымдардың өкілі.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!