Шымкентіктерді 81 млн теңгеге алдап кетті

13 желтоқсан в 16:49 341 рет оқылды

Шымкентте алаяқ әйел өзін заңгер ретінде таныстырып, тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып бере алатынын айтқан. Ол алаяқтық жолмен 81 миллион теңгені иемденіп кеткен, — деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты Гүлфайрус Базарбайды ҚР ҚК-нің 4-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп таныды. Сот айыпталушының мүлкін тәркілей отырып, оны 6,5 жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына кесті.

«2014 жылдың сәуір айынан Базарбай 43 адамның сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер алып беруге көмектесетінін айтқан. Әр кезде ол өзін облыстық әкімдіктің заңгері, облыстық прокуратура қызметкері, ОҚО ІІД қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде әрқалай таныстырып, зардап шегушілерден алаяқтық жолмен жалпы көлемі 81,4 миллион теңге болатын қаржыны алып, өз қажеттілігіне жұмсаған», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!