Алаш партиясының ғасырлық мерейтойы атап өтіледі

21 қараша в 23:00 919 рет оқылды

Келесі жылы Алаш ұлттық автономиясының , Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл – Ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең.

alash

Осыған орай осы жылдың қазан айында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, «қазақ халқының бостандығы үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткерлерін лайықты ұлықтауға арналған танымдық іс-шаралар белгілеп, іске асыруды» ұсынған, деп хабарлайды  BNews.kz.

Үкімет басшысы осынау маңызды мәселеге байланысты депутаттарға жауап берді. Онда Алаш арыстарын еске алу мақсатында бірқатар шараның қолға алынғанын айта келіп, «2017 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдар жалпыхалықтық тарихи мәні бар аталған оқиғаның 100 жылдығы аясында республикалық деңгейде бірқатар мерейтойлық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәдениет және спорт министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2017 жылы Алаш партиясының құрылуының 100 толуы аясында іс-шаралар кешенін өткізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды» делінген.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.

Еске сала кетейік, «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинарына осы жолы 400-ден астам адам қатысып жатыр. Олардың ішінде ғарыш саласының өнімдерін пайдаланушылар мен өндірушілер, әлемнің 20 елінің 50 шетелдік компанияларының мамандары бар.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар