jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жазса, жаза берсін

05 тамыз 2016, 17:06
685

DSC_5988

«Қазақ тілді аудитория үшін керек тақырыптарды жариялау керек. Жеңіл-желпі, арзан дүниені жазатын журналистер жаза берсін. Оған бола шала бүлінудің қажеті жоқ. Айтады, қояды. Біз тек салмақты дүниенің көбеюіне күш сала беруіміз керек»

«Жас қазақ» газетінің кезекті конференциясына қатысқан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының (Алматы қаласындағы филиалының) атқарушы продюсері Дәурен Дариябек осындай пікір айтты. Ғаламтордағы қазақ тілді аудиторияның бүгінгі деңгейі талқыланған жиынға газеттің Бас редакторы Срайыл Смайыл, caravan.kz сайтының Бас редакторы Оразәлі Баймұрат, «Қазақстан Заман» газетінің жауапты хатшысы Бауыржан Карипов, «Болашақ» жастар қозғалысының өкілдері Берік Ағыбаев пен Талғат Жанысбай, журналист Сәкен Көкенов пен Ақтөбеден арнайы келген әріптесіміз Асқар Ақтілеу қатысты. Алқалы жиынның жүргізушісі – Берік Сұлтан.

Берік Сұлтан: Өткен аптада «Коммуникативті бастамалар мен стратегиялар» қоры және «Жас қазақ» Ұлттық апталығының ұйымдастыруымен конференция өтті («Жас қазақ» №29-30 «Интернеттегі белсендік»). Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өз пікірін білдірді. Басқосудың бас серіктесі – Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Ал бүгінгі жиын соның жалғасы. Қазір өзекті деген 4 тақырыпты талқылайтын боламыз. Олар: қазақ тілді аудиторияның интернеттегі белсенділігі, қоғамдық мәселелерді шешудегі ықпалдылығы. Қандай тақырыпты тиісті деңгейде көтеріп жатырмыз. Тасадан тыс қалып қойып жатқан мәселені де айтайық. Сонымен қатар интернеттегі жалған ақпаратпен күресу. Кейде біліп тұрсақ та, білмесек те жалған ақпаратттың құрбаны болып жатамыз. Осының себебі неде? Қалай күресуге болады? Осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітетін боламыз.
141ee-clip-43kbБауыржан Карипов: Қазақ аудиториясы бұрыннан белсенді болған. Соңғы кездері «әлеуметтік желі біздің елде ғана саяси алаңға айналды», – деген пікірді жиі естимін. Ал басқа елде олай емес деп айту дұрыс емес. Мен онымен келіспеймін. Әлеуметтік желінің резонанс тудыруы бізде емес, өзге елдерде де бар. Соңғы кездері қоғамдағы мәселелерді де әлеуметтік желіден қарайтын болдық. Қазір ақпараттың дәуірі. Кез-келген адам популизмге құмар. Әрбір адамнаң қолында смартфон бар. Мысалы ұшақ құлап бара жатса, ол ұшақтың ішіндегі қанша адам зардап шегетіні маңызды емес болып қалды. Маңыздысы сол, ұшақтың құлағанын бірінші болып беру, сол туралы ақпаратпен бірінші бөлісу. Бұл тенденция бүгінгі ақпараттың сапасына әсерін тигізіп жатыр. Ал интернеттегі қазақ тілді аудиторияға келетін болсақ, бүгінде өте белсенді. Мысалы жер мәселесіне қатысты мәселені көтерген болатын. Кейбір көп оқылатын орыстілді сайттар қазақ сайттары мен басылымдары қозғаған мақалаларды бере бастады.
Срайыл Смайыл: Журналистердің ақпаратты бірінші болып таратсам деген құлшынысы интернетке дейін пайда болған. Мен осыған қатысты бір қысқаша мысал келтірейін. 1962 жылы Кеннедиге қастандық жасалған күні Америкадағы бір журналдың кезекті санының шығуына бір күн қалған екен. Ол кезде қаріптер қорғасынмен терілетін заман. Бәрін теріп дайындап енді баспаға жіберейін деп жатқан кезде «Кеннедиге қастандық жасалды» деген хабар келеді. Енді не істеу керек? Егерде журналда қастандық туралы айтылмаса, бәсекелестерінен қалып қояды. Сонда журнал ең мықты журналисіне қомақты қаржы беріп Далласқа аттандырады. Ол сол қастандық туралы видеоны сатып алып, түнімен ақпаратты жібереді. Ертесінде журналдың тиражы артып, бірден танымал болып кетті. Ал, қазіргі таңда интернет танымал болу жағынан барлық мүмкіндікті беріп отыр. Қазақ аудиториясының қоғамдағы азаматтық бастаманы, мәселені көтеруі жер мәселесінде қатты қоғалды. Оның ішінде популизм де кетті, бір-біріне қарама-қарсы топтардың соғысына айналып кетті. Интернет біздің өмірімізде қандай рөл атқарып жатыр. Қазақ тілді аудиторияны қандай тақырыптар қызықтырады. Осы жөнінде салыстырып айтсақ.
Берік Сұлтан: Орыс аудиториясы кез келген тақырыпты қозғап жатады. Ал біз дін, тіл, ұлт төңірегіндегі мәселелерден шыға алмаймыз. Мұның себебі неде ?
Берик АгибайБерік Ағыбаев: Қазіргі таңда дін мәселесі басты проблемалардың біріне айналды. Біз «Болашақ» қозғалысы сауалнама жүргіземіз. Онда базар жастарының да мәселесін көтеруге тырыстық. Шын мәнінде олардың дінге бет бұрғандығы дұрыс па, әлде бұрыс па? Осы жағыда алаңдатады. Популизм туралы айтатын болсақ, кейбір сайттар бір бірімен әңгімелескеннің өзін ақпарат ретінде беріп жатады. Осыған ішім ашиды. Өтірік нәрседен гөрі шынайы ақпарат салса. Мұндай ақпараттардың таралуына шектеу қойылу керек шығар. Жұлдыздардың киген киіміне дейін басты тақырыпқа айналып кеткендігі жалпақ жұртқа мәлім. Оның басты себебі, салмақты материал ұсынатын жетекші басылымдар немесе сайттар бірін-бірі қолдамайды.
Сәкен Көкенов: Қазіргі таңда интеллектуалды адамадар теледидар қарамайды. Азаматтық қоғам болғандықтан әрбір азамат ақпаратты қалай қабылдайтынын өзі біледі. Қандайда бір тақырыпты қозғау үшін аудитория керек. Бізде кей сайттар жұмысын бастағанда ең алдымен күрделі сараптамалық материалдарды беруге тырысады. Бірақ бәрібір рейтинг жинауы керек. Ал рейтингті таза біліктілік жолымен жинау өте қиын. Бұл жылдарға созылады, қырауар жұмысты қажет етеді. Сондықтан олар артынан аудиторияның ырқына жығылады. Сол себепті интернет-порталды немесе газетті «ақпаратты инстаграмнан, әлеуметтік желіден алдың» деп сөгуге болмайды. Журналист халық көре білмейтін мәселені көріп, соны козғап талқыға салуы керек. Кейбір альтернативті нәрселерді бізге блогерлердің ұсынуы дұрыс емес. Мысалы біздегі көп статистикалық мәселелер жасырылып келеді. Ақпараттық қауіпсіздік болу керек. Қазақ тілді аудиторияның қарқынды түрде дамуы үшін, жалған ақпаратпен күресу керек.
Берік Сұлтан: Танымал тележүргізушілердің орнына әнші, айтыскер, актерлар бағдарлама жүргізір жатыр. Бұл да қазақ журналистикасы деңгейінің төмендеуіне әсер
етпей ме?
Талғат Жанысбай: Жыл өткен сайын журналистердің статусы төмендеп бара жатыр. Қазіргі таңда сайтқа жариялайтын материалды да редакторлар бақылап отырса деймін. Кез келген ақпаратты бере бермеу керек. Қазіргі таңда өзекті мәселені талқылайтын Фейсбук желісі енді енді қарқынды дамып келеді. Ал Инстагарамда әншілер не жеп отырғанын салып, сол төңіректен аспай отыр. Ал Вконтакте желісінде жастардың 70 пайызы отырады. Ал ол желіде саяси мәселе талқыланбайды. Тек бір-бірімен танысу мақсатында отырады. Журналистердің деңгейін көтеру керек. Сонда жұлдыздар БАҚ-тың бетін жауламас еді. Этика-эстетиканы бақылап отыратын ортаның керектігі байқалады. Бұл, әсіресе интернеттегі ақпарат жариялылығының сапасына көмегін тигізетін еді. Сондықтан жеңіл желпі сайттарды назарға алу керек.
Берік Сұлтан: Журналистиканың түйткілді мәселелерді шешуге ықпалы қалай болып жатыр?
Аскар АктилеуАсқар Ақтілеу: Көбінесе жаңалықтар Астана, Алматы сынды ірі қалалардың төңірегінен шықпай жатады. Аймақтың мәселесі көп жағдайда шет қалатыны бар. Мәселен, өңірдегі бір мәселе жазсаң, әрмен қарай соны әріптестер іліп әкетпейді. Орыс сайттары оны жазады. Сонан соң барып қазақ тілді ақпарат ортасы ояна бастайды. Қысқасы, қазақ тілді аудиторияға, қазақтілді басылым яки сайт көкейкесті мәселені көре білмейді. Содан барып тек, жұлдыздар туралы материалдар алға шығып кетеді.
Дәурен Дариябек: Кейінгі кезде қазақ тілді аудиторияның талқылайтын тақырыбы жұлдыздар төңірегінен шыға алмай жүр. Қазақ тілді аудитория үшін керек тақырыптарды жариялау керек. Жеңіл-желпі, арзан дүниені жазатын журналистер жаза берсін. Оған бола шала бүлінудің қажеті жоқ. Айтады, қояды. Біз тек салмақты дүниенің көбеюіне күш сала беруіміз керек. Сайып келгенде, бұл қазақ тілді журналистиканың әлі толық дамымағандығын білдіреді.

Дайындаған
Мақпал Ноғайбаева

18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы
04 мамыр, 14:30
М.Шибұтов: Ешбір қисынға келмейді