jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ерлан Қарин: Біз әсіредіншілдерге мүмкіндік беріп қойдық

19 шiлде 2016, 15:31
404

9544327

Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин кеше Алматыда болған лаңкестік әрекетке байланысты өз пікірін білдірді.

 Бұл террорлық әрекет пе, әлде қылмыстық оқиға ма?

Өзімнің жеке бағалауым бойынша бұл террорлық акт. Кезінде Орталық Азия аумағында бұған дейін орын алып келген террорлық актілердің себеп-салдарлары жете зерттеліп, нақты қауіптің деңгейіне баға берілмеген еді. Соның салдарын біз мемлекеттік және қоғамдық деңгейде әлі тартып келеміз. Бұдан бұрын 2011-2012 жылдары орын алған террорлық актілерді радикализмнің бір сәттік көрінісі ретінде қабылдады да қойды, қоғам тез есінен шығарды. Өкінішке қарай, экстремизм мен терроризмнің қаупі – ұзақмерзімді тренд. Сондықтан мемлекет пен қоғам ұзақ мерзімді күреске бейімделуі керек.
Ең бірінші мұндай оқиғаның қайталану қаупі бар екенін ұмытпауымыз керек. Оқиғаның өзіне ғана түбегейлі тексеру, зерттеу жүргізіп қоймай, осындай жағдайға алып келетін себептер мен факторларды анықтап алу қажет. Соларды жою бағытында жұмыс жүргізілгені дұрыс. Сондай-ақ барлық қауіпсіздік қызметтерінің оқиға кезінде тез әрекет ету жүйесіннің тиімділігін көтеру маңызды.

12554151

 Жастар неге жат ағымның жетегінде ?

 Ия, солай. Қазір осы құндылықтардың күйреуі байқалады. Бүгінде жастар үлгі тұтатын, соған қарап бой түзейтін адамдар жоқ десе де болады. Біздің кезімізде мен шамалас балалардың көпшілігі ғарышкер болғысы келетін. Ал мен өзім шекарашы болуды армандадым. Қазіргі балалардың қызығушылығы жоқ деп айтуға болмайды. Олардың қызығушылығы мүлдем басқа. Біздің кезіміздегіден көп өзгерген. Тіпті, оларды түсіну де қиын болып барады. Мәселен, Алматыда 13 жасар қыздың аяқ астынан Сирияға кетуге тырысқанын қалай түсінуге болады? Ол тұрмыс жағдайы жақсы отбасында өскен, ешқандай дінге де кірмеген. Жай теледидардағы жаңалықтардың бірінен жас бозбаланы көріп қалып, соған ес-түссіз ғашық болған. Сосын сол «махаббатын» іздеуге аттанбақшы болыпты. Бұл нені көрсетеді? Бұл біздегі жасөспірімдердің, балалардың көбіне өздерімен-өздері болып, үлкендер әлемінен ажырап қалғанын көрсетеді.

20160718123030

 Қауіпсіздік құрылымдарының бүгінгі деңгейі

Қазіргі жағдай өте қиын. Оларды біржақты кінәлауға болмайды. Олар тиісті деңгейде жұмыс жүргізбесе, қазіргі қауіп екі-үш есе зор болар еді. Жалпы біз радикалды діни ағымдардың еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беріп қойдық. Күні бойы компьютерде отыратын балалардың «көгілдір әлемде» нені көріп, кіммен сөйлесіп жатқанын білмейміз. Соның «жемісі» енді көріне бастады. Жастардың қазіргі қызығушылығы қандай, көбіне немен айналысатынын ата-аналарының өзі білмей жатқанда, қауіпсіздікті қорғау органдары қайдан біледі?

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...