jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

10 ақпан 2016, 16:30
266

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевпен кездесті, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бүгін Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді.

Кездесу барысында Данияр Ақышев Мемлекет басшысына ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары жөнінде және қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономиканы ынталандырудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес субъектілерін, сонымен қатар тұрғын үй құрылысын қолдаудың қажеттілігіне назар аударды.

Ақышев экономиканың нақты секторын қаржыландыру бойынша жұмыстардың елдің қарқынды дамуына жағымды әсер етуі тиіс екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысында нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз:Tengrinews.kz

13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды
10 тамыз, 11:37
Каспийдегі мәміле
10 тамыз, 11:27
Мұхиттан соққан суық жел
03 тамыз, 15:15
Қандасқа қамқор
03 тамыз, 15:01
Шеңберден шықпағандар
30 шiлде, 15:27
Алыпсатарлықты ауыздықтау немесе жабайы билет саудасын кім бақылайды?