jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ХЭА: Қытай 15 жылдан кейін энергияны тұтынудың шегіне жетеді

10 ақпан 2016, 16:36
306
ФОТО: www.e-dfhy.com

Қытай 2030 жылы энергия тасымалдаушыларды тұтынудың шегіне жететін болады. Қазіргі таңда ҚХР энергия ресурстарын қолданудан әлемнің көш басында келеді. Бұл туралы International Petroleum Week форумы барысында Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) энергетикалық нарықтар мен қауіпсіздік жөніндегі директоры Кейсуке Садамори мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Біздің пайымдауымызша, Қытай 2030 жылы энергия тасымалдаушыларды тұтынудың шегіне жететін болады. Мемлекеттің энергия теңгерімінде табиғи газ бен атом энергетикасының үлесі артпақ»,- деді К.Садамори.

Сонымен қатар, қытай сарапшысы 2040 жылға қарай энергия тасымалдаушылардың жалпы жаһандық сұранысы үштен бір есе ұлғая түседі деп болжады.

Бұған дейін «Роснефть» басшысы Игорь Сечин 2020 жылға қарай Қытай мұнай тұтынуды жылына 2 пайызға өсіріп отырады деп болжаған болатын. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ҚХР дүниежүзілік мұнай сұранысы өсімінің үштен екі бөлігін қамтамасыз етіп келді. Қазіргі таңда аталмыш көрсеткіш шамамен 20-25 пайызды құрап отыр.

Дереккөз:BNews.kz

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер