jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2016 жартылай финалына шықты

10 ақпан 2016, 16:38
284

Футзалдан Қазақстан құрамасы Италия командасын жеңіп, Еуро-2016 жартылай финалына шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Сербия астанасында өткен кездесу 5:2 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.

Матчта есепті бірінші болып қазақстандықтар ашты. 16-шы минутта бұрыштамадан тебілген допты алыстан соққы жасаған Лео көзге түсті. 19-шы минутта Серік Жаманқұлов қарсылас командасының алаңындағы қателікті сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Бұл доп форвардтың турнирде соққан төртінші голы.

Айта кетейік, Италия Еуропаның қазіргі чемпионы, ал Қазақстан бұл турнирге тұңғыш рет қатысып отыр. Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниямен ойнайды. Ал басқа жартылай финалда Сербия Ресеймен кездеседі.

Дереккөз:Tengrinews.kz

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер