ШЫҒЫНҒА БАТЫРҒАН – «ОҢАЙ»

03 ақпан в 09:37 228 рет оқылды

Алматыдағы автобус парктерінің жетекшілері пресс конференция өткізіп, 11 қаңтардан бастап енгізілген «Оңай» электрондық жүйесі жаппай шығынға батырып жатқанын айтып шағымданды. Тасымалдаушылардың айтуына қарағанда пайда көзі екі есеге төмендеп кеткен. Мысалы «Тұлпар ЦДС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш күннің өзінде бес миллионға жуық шығынға батқан.

Шығынға батырған – «Оңай»
Асылбек Мұхамбетәлиев,«Тұлпар ЦДС» тасымалдау компаниясының директоры:
«Оңай» жүйесі енгізілгенше бізкүніне 2,5 млн теңге табыс табатынбыз. Кешегі күннің табыс көлемі 2 млн 165 мың теңгені құрады. Біздің «Тұлпар ЦДС» тасымалдаушылардың ішіндегі көсбасшысы. Басында Транспорт холдингі 700-ге жуық бақылаушы болады деген.Бүгінде оның нақты саны 370. Қазірқаланың шет аумақтарына қатынайтын көліктерді ертеңгісін ғана бақылап, қалған уақыттарда қадағаламайды. Ал адамдар жол ақысын қаласа төлеп, қаламаса төлемейді.

Шығынға батырған – «Оңай»
Ерсін Көбдікбаев,«Кикбай» тасымалдау компаниясының директоры
Біз бұл «Оңай» жүйесі енгізілген соң, қандайда бір тәртіп болады деп ойладық. Тіпті табысымыз 30-40 пайызға артады деп үміттендік. Алайда қазіргі таңда бұрынғы табысымыздың жартысын да жинай алмай отырмыз.

Шығынға батырған – «Оңай»
Бекежан Тыныштықбай, «Мадина» тасымалдау компаниясының директоры
Қазір жүргізуші жол ақысын бақылай алмайды.Жолаушылар қолма-қол ақша төлесе өз қалтасына салады. Әрдайым бақылау болмаған соң, жолаушыларға да тиімді. Бізге холдинг төлеген ақшаның 10 пайызын өздері ұстап қалса, 20 пайызын жүргізушілерге береміз. Ал біз бақылай алмаймыз, себебі бақылау жүйесі холдингке тиесілі. Осылай жалғаса берсе біз жұмыс жасай алмай қаламыз. Ақша болмаса біз көліктерімізді қалай жүргіземіз. Жығылғанға жұдырық болғандоллар бағамы да бізге тікелей әсер етеді. Қажетті авто бөлшектерді біз шет елден аламыз. Жол ақысын біз көтере алмаймыз, себебі халық қазір оған шыдай алмайды.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 16:55

«Еншіңді» ал!